Құрылыс жобасы. Ертістегі ерекше көпір кешені

Павлодар облысындағы Ертіс өзенінен өтетін көпір Орта Азиядағы ең ірі өткел болмақ. Ерекше нысанға Швейцария мен Ресей тәжірибесі бойынша ең озық технологиялар қолданылған.

Үлгісі шетелдік болса да, қазақстандық мамандардың қолымен салынып жатқан көпір ұзындығы 12 шақырым болмақ. Құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталуы тиіс. Нысан облыс тұрғындарының логистикалық мәселелерін шешіп қана қоймай, республикалық және халықаралық маңызы бар жолдармен жүретіндер үшін де ыңғайлы торап болады. Қазіргі таңда көпірдің құрылыс қарқыны қалай жүріп жатыр? Бастапқыда мамандар қандай қиындықтарға тап болды? Көпір үшін құрылыс материалдарының қай түрі пайдаланылды?