384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі дәмханалардың бірінің маңында жас жігіт оққа ұшып, көз жұмды

  • 640
  • UPD: 10:28, 10.01.2017
Шымкенттегі дәмханалардың бірінің маңында жас жігіт оққа ұшып, көз жұмды фото: Аферы Подделки Криминал

Шымкентте жас жігіт оққа ұшты.

Оқыс оқиға қаладағы дәмханалардың бірінің маңында болған. Екі топтың арасындағы дүрдараздық соңы жаппай төбелеске ұласып, кісі өліміне соқтырған. Сол күні марқұм жолдастарымен дәмханада көңіл көтеріп отырған. Таңғы бестер шамасында ол далаға шығып кеткен. Арадағы түсініспеушілік сол кезде туындаған болуы мүмкін, - дейді ОҚО ІІД баспасөз орталығындағылар. 1986 жылы туылған жігітке арқа тұсынан оқ атылған. Ауыр жарақат алған ол оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы жағдай қаланың орталығындағы Тәукехан даңғылы мен Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы дәмханадан 200 метр жерде орын алған. Полицейлер сол жерден бірнеше оқ тапқан. Қазіргі таңда суық қарудың қандай түрін қолданғаны және қанша оқ атылғаны анықталып жатыр, - дейді полицейлер. Осыған қатысты ҚР ҚК 99 бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасындағылар.

Авторы: Қанат Жүнісбеков.

Хабар 24 телеарнасы