376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әбілязов «БТА Банктің» капиталын қасақана ұлғайтып көрсеткен

  • 642
  • UPD: 11:34, 14.02.2017
Әбілязов «БТА Банктің» капиталын қасақана ұлғайтып көрсеткен YouTube

Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюро «БТА Банк» АҚ  Директорлар кеңесінің экс-төрағасы М.Әбілязов бастаған қылмыстық топтың 7 миллиардтан астам АҚШ долларын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Әбілязовтың Банк капиталын қасақана ұлғайтып көрсеткені анықталды. Ол осы мақсатта өзіне қарасты компаниялар есебінен Банктен ақшалай қаражат ұрлап, сол ақшаға Банк акцияларын сатып алып отырған.

Әбілязов Банктің капиталын арттыру арқылы оны жұртқа қаржысы ұлғайып бара жатқан, қаржылық өсімі бар етіп көрсеткен. 

Ал осы қаржылық институттың тұрақтылығы мен табыстылығына иек артқан шетелдік инвесторлар мен Қазақстан азаматтары Банкке қаржыларын салды. 

Мысалы, 2005 – 2008 жж. аралығында халықтың ашқан депозиттері мен шетелдік кредиторлардың инвестицияларын барынша көп тарту есебінен Банк капиталы 8 есеге артты. 

Тергеу жинақтаған дәлелдер күдікті Әбілязовтың әрекеттерін келесі баптар бойынша классификациялауға жол ашты: ҚР Қылмыстық кодексі 263-бабы 4-тарауы (қылмыстық топты құру және басқару), 176-бап 3 тарауының «а», «б» тармақтары  (өзгенің сеніп тапсырған мүлкін өзіне иемдену және ысырап ету),  24-бап 3-тарау, 176-баптың «а», «б» тармақтары (өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иемдену мен ысырап етуге оқталу), 193-баптың 3-тарауының «б», «в» тармақтары (қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен өзге мүлікті заңдастыру), 220-баптың 1-тарауы (банктің ақшалай қаражатын заңсыз пайдалану) және 16.07.1997 ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 228-бабы (өкілеттіліктерді теріс мақсатта пайдалану).

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы