385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал өңірінде қар құрсауында қалған 100-ден аса адам құтқарылды

  • 688
  • UPD: 18:36, 20.02.2017
Арал өңірінде қар құрсауында қалған 100-ден аса адам құтқарылды Қызылорда облысы ТЖД фотосы

Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарында қарлы құрсауда қалған 100-ден аса адам құтқарылды.

Арал ауданының Төтенше жағдай бөліміне «Қамыстыбас-Бөген» жолының бөлігінде «Фольксваген» көлігі мен жүк тиелген КамАЗ қарға батып қалғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар техника мен сол көліктерде болған 5 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ Қазалы ауданындағы тас жолда 12 көлікте болған 100-ден аса адам қарлы құрсаудан құтқарылды.

Әйтеке би кентінен 40 шақырым жерде тұрып қалған бұл техниканы және адамдарды құтқаруға ТЖБ және АІІБ қызметкерлері жұмылдырылды. Эвакуацияланғандар арасында жараланғандар жоқ, деп хабарлайды меншікті тілшіміз Райхан Тәжібаева.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы