386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда екі құрылысшы жазым бола жаздады

  • 644
  • UPD: 17:40, 25.02.2017

Петропавлда көпқабатты тұрғын үй кешенін тұрғызып жатқан құрылысшылардың екеуі жазым бола жаздады.

Оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында тіркелген. Жұмысшылар жүретін ағаштан жасалған уақытша аспалы көпірдің бірі кенеттен сынып кетіп, бір адам тоғызыншы, ал екіншісі төртінші қабаттан жерге құлаған. Қос азамат Ресейдің Омбы қаласынан келіп, келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жатқандар. Қазір олардың екеуі де ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Естеріңізге сала кетейік осыдан шамамен екі апта бұрын осы шаһарда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің 12-ші қабатынан 24 жастағы құрылысшы құлап, мерт болған еді.

Ержан Әбуғалиев, № 3 қалалық аурухананың бас дәрігері:

- Біреуінің 11-ші, 12-ші кеуде омыртқасы және сол жақтағы 10-шы қабырғасы сынған. Қазір ол травматология бөлімінде жатыр. Ал екіншісінің оң жақтағы бірнеше қабырғасы сынғандығы анықталды. Сондай ақ оң жақ бүйрегіне зақым келген. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Екеуінің де жағдайлары тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы