389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы қант зауытында өрт шықты

  • 678
  • UPD: 15:02, 07.03.2017
Жамбыл облысындағы қант зауытында өрт шықты Фото: Arnapress.kz

Жамбыл облысындағы қант зауытында өрт болды.

Оқиға Меркі ауданы Ойтал ауылында түнгі уақытта болған. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шырыннан тазарту цехынан шыққан. Тілсіз жау 250 шаршы метр аумақты шарпып, өндіріс орнының екінші қабаты мен шатыры жанып кетті. Қызыл жалынды оқшаулауға 30 шақты адам, 9 техника жұмылдырылып, шамамен 2 сағат ішінде сөндірілген. Зауытта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы 

Хабар 24 телеарнасы