384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да контрабандалық валюта тәркіленді

  • 749
  • UPD: 14:07, 08.03.2017

Шығыс Қазақстанда ел аумағына заңсыз жолмен 60 мың АҚШ долларын кіргізбек болған 55 жастағы әйел ұсталды.

Қытай Халық Республикасының азаматшасы 19 млн теңгеге жуық қаражатты туыстарына бөліп берген. Олар өз кезегінде ақшаны аяқ киімдеріне жасырыпты. Мемлекеттік кірістер департаменті мен шекараның қырағы қызметкерлері контрабандалық әрекетті тез анықтаған. Айыпталушы да өз кінәсін мойындап отыр. Жалпы, декларацияланбаған ақша көлемі 5000 айлық есептік көрсеткіштен асады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Марат Сейітов, «Майқапшағай» кеден бекетінің жетекші маманы:

- Заң бойынша 10 мың долларға дейін еркін өткізуге болады. Ал 10 мың доллардан асса, жолаушылар декларациясын толтыруы керек. ҚХР азаматы аяқ киіміне тығып өткізбекші болған. Сондықтан оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, экономикалық контрабанда бойынша іс сотқа беріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы