386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Навигациялық құрылғысы істен шыққан Air Astana ұшағы Алматы әуежайына қайта оралды

  • 543
  • UPD: 17:29, 08.03.2017

Бүгін Air Astana әуекомпаниясының Алматыдан Атырауға бағыт алған ұшағы көтерілген айлағына қайта оралды.

Навигациялық құрылғылардың істен шығуы себепті А321 лайнері Алматы әуежайына сағат 09:47-де қайта қонған. Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бортта болған 97 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі дін-аман. Жол-көлік және оқыс оқиғаларды тексеру департаменті осы төтенше жағдай бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар ертең Air Astana әуекомпаниясы өкілдерінің қатысуымен азаматтық авиация комитетінде әуедегі қауіпсіздік тақырыбына арналған жиналыс өтпек.

Хабар 24 телеарнасы