383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда психоневрологиялық диспансер өртенді

  • 567
  • UPD: 13:13, 16.03.2017
Түркістанда психоневрологиялық диспансер өртенді Фото: Videlson.ru

Түркістандағы жүйке аурулары ауруханасынан өрт шықты.

Тілсіз жау кеше кешке ұштанған. ОҚО ТДЖ бас маманы Зарипа Тұрысбекованың хабарлауынша, №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы бірқабатты қосалқы ғимарат жанған. Қызыл жалын жалпы аумағы 200 шаршы метр жерді күлге айналдырды. Қойманың терезелері мен есіктері және шатыры жарамсыз болып қалған.Тілсіз жауды ауыздықтауға үш техника мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды. Төтеншеліктер өршіген өртпен екі сағатқа жуық арпалысқан. Абырой болғанда, тілсіз жаудан ешкім жапа шекпеген.

Естеріңізде болса, дәл осы орталықта емделіп жатқан 65 науқас туберкулез ауруына шалдығып, салдарынан өкпесі жарамай қалған үш сырқат көз жұмған болатын. Аты жаман дерт оларға бір-бірінен жұққан.

Авторы: Қ.Жүнісбеков

Хабар 24 телеарнасы