386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

  • 645
  • UPD: 21:24, 24.03.2017
Ақтөбеде 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды Фото: news.ivest.kz

1996 жылы Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Қаратаусай ауылында 30 жастағы әйел мен оның 17 жастағы інісі зорлықпен өлтірілген еді.

Ал 6 жасар қызы ұшты-күйлі жоғалып кетті.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Ресей мен Украина елдерінде осыған ұқсас қылмыс жасаған күдікті ұсталған. Тамбов облысында 6 адамды, Курск облысында 2 адамды өлтірген қылмыскердің Қаратаусайдағы қанды оқиғаға қатысы бары анықталды. 56 жастағы Украина азаматы қазір өз елінде абақтыда отыр. Қазақстанда жасаған қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалатын болды.

Авторы: Ақсәуле Байменшина 

Хабар 24 телеарнасы