384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қоғамдық көлік қозғалысы заңға қайшы тоқтатылды

  • 369
  • UPD: 23:53, 24.03.2017
Семейде қоғамдық көлік қозғалысы заңға қайшы тоқтатылды Фото: Семей Сити

Семейде бүгін кешке қоғамдық көлік қозғалысы жұртты әбігерге салды.

Аялдамаларда автобус тосып сарылған қалалықтардың реніші әлеуметтік желілерде де басты тақырыпқа айналды.

24 наурыз күні кешкі сағат 19:00-ден кейін бірнеше бағыттағы автобустар жұмысын күрт тоқтатқан. Бірнеше сағат үйлеріне қайта алмай абыржыған жұрт таксиге мінуге тура келгенін айтып қапалануда.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар 60 теңгелік жолақының тым төмен екенін айтып, өз тараптарынан бағыттың уақытын 19:00-ден кейін мүлдем тоқтататындықтарын айтып шағымданған. Алайда әкімдік бұл уәжге негіз жоқ екенін және жолаушы тасымалына кететін нақты шығындарды тәуелсіз сарапшы компаниялар анықтайтынын айтқан. Қалалық прокуратура өкілдері болса, бұлайша автобус бағытының уақытын өз беттерімен қысқарту әрекетінің заңға қайшы екенін және осыған байланысты ертең жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорын жетекшілерімен кездесу өтетінін мәлімдеді.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы