376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысы ТЖД басшысының орынбасары парамен ұсталды

  • 757
  • UPD: 15:21, 05.04.2017

Қарағандыда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары парамен ұсталды.

Азаматтық қорғаныс полковнигі Магамадов қызметін асыра пайдаланып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кәсіпкерлерге салынған айыппұл сомасын заңсыз төмендеткен. Сондай-ақ, ол бұйрықтарды орындау мерзімін ұзартқаны үшін «сыйақы» алған. Күдікті жергілікті бизнесменнен 200 мың теңге пара алып жатқан жерінде тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Хабар 24 телеарнасы