387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында кәріз құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды

  • 923
  • UPD: 16:08, 05.04.2017
Ақмола облысында кәріз құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды Фото: om-saratov.ru

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Нұресіл (бұрынғы Воздвиженка) ауылында жеке үйлердің жанындағы кәріз суының құдығынан 6 жасар баланың денесі табылды.

Бұл оқыс оқиғаны облыстық ІІД баспасөз қызметі растап отыр. Оқиға 3 сәуір күні болған. Мектепалды даярлық тобында оқитын бала күндізгі сағат 14:30 шамасында ойнауға шығып кетіп, содан оралмаған. Арада екі сағаттай уақыт өткен соң ата-анасы балаларын іздеуге шығады. Полицейлердің айтуынша, олар баланың жоғалып кеткені жайлы Ішкі істер органдарына хабарламаған. Іздеу жұмыстарын өз беттерінше жүргізген. Осылайша ата-анасы мен көршілері баланың денесін Атамекен көшесінің бойындағы тереңдігі 2 метрлік кәріз суының құдығынан тапқан. Құдық тиесілі үйде ешкім тұрмайтындықтан, оған қар суы жиналып қалған екен. Ал қақпағы ашық болған. Құдықтан сондай-ақ баланың резеңке добы да табылған.

«Бала доппен ойнап жүріп, құдыққа құлап кетіп, суға тұншығып көз жұмған болуы мүмкін», - дейді мамандар. Қазір аталған оқиғаға байланысты жергілікті жерде тексеру және тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы