384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК браконьерлерден 10 тонна балық пен 200 қайық тәркіледі

  • 618
  • UPD: 16:50, 05.04.2017

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық департаменті мен жергілікті құқық қорғау органдары жүйелі түрде браконьерлікпен айналысып келген қылмыстық топты қолға түсірді.

Құрманғазы ауданында заңсыз балық аулаумен айналысқан топтың құрамында жергілікті балықшы кооперативтерінің өкілдері мен Ресей азаматтары да бар. Ұсталған браконьерлерден 10 тонна балық және ау-құралдарымен қоса екі жүзге тарта түрлі қайық тәркіленді. Оңай олжаға құныққандар енді заң алдында жауап беретін болады.

Аслан Нұрғалиев, облыстық прокуратурасының бөлім басшысы:

- Облыстық ҰҚК департаментімен ҚР ҚК 335-бабы, 4-бөлігімен балық ресурстарын заңсыз алу, 361-бабы 4-бөлігі, лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану және 364-бабы 4-бөлігі кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу баптары бойынша көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы