365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде кісі өлтірген қылмыскер ұсталды

  • 667
  • UPD: 21:43, 06.04.2017
Семейде кісі өлтірген қылмыскер ұсталды Фото: Matritca.kz

Семейлік полицейлер ауыр қылмыстың бетін ашты.

28 наурыз күні Әуезов даңғылындағы көпқабатты үйдің тұрғындары «102» желісіне қоңырау шалып, осындағы пәтерлердің бірінің балконы бірнеше күн ашық жатқаны және есікті ешкім ашпайтынын айтады. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп есікті ашқанда пәтер иесінің мәйітін тапқан.

Жедел іздестіру шаралары барысында 22 жастағы семейлік ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмысты қалай жасағанын мойындады. 1957 жылы туған азаматпен ішімдік ішіп, соңы осындай қайғылы жағдаймен аяқталған. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Осы категория бойынша: « Қызылордада 400 адамға арналған емхана салынып жатыр Қазақстандық спортшының денсаулығының нашарлауына байланысты ұшақ Самараға қонды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы