388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан Дубайға ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды

  • 637
  • UPD: 09:31, 10.04.2017
Алматыдан Дубайға ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды Фото: TravelBank.kz

Алматыдан Дубайға ұшып шыққан Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралды.

Бұл туралы әуекомпанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

«Бүгін Алматыдан Дубайға ұшып шыққан КС895 рейсі техникалық ақауға байланысты қайта оралып, сағат 08:33-те әуежайға қонды. Экипаж барлық халықаралық қауіпсіздік тәртіпке сай әрекет етті», – делінген әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұшақ бортында 133 жолаушы болған. Әуе кемесі алмастырылып, рейс сағат 10:15-те аталған бағыт бойынша ұшып шығады.

Хабар 24 телеарнасы