384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан Дубайға бет алған лайнер бастапқы айлағына қонуға мәжбүр болды

  • 342
  • UPD: 21:18, 10.04.2017

Бүгін таңғы сағат сегіз жарымда Алматыдан Дубайға бет алған лайнер техникалық себептерге байланысты бастапқы айлағына қонуға мәжбүр болды.

«Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі ұшақтардан соңғы 2 ай ішінде осымен бесінші рет техникалық ақау шығып отыр. Айта кетейік, бортта болған экипаж мүшелері мен 133 жолаушы дін аман. Оларды басқа ұшаққа отырғызуға тура келді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Наурыз айында «Эйр Астана» ұшақтарыныңан 4 рет техникалық себептерге байланысты айлақтарына оралғаны рас. Алайда мұны қауіпсіздік шаралары деп түсінген дұрыс. Дегенмен соңғы кезде бұл жағдайдың жиілеп кеткені бізді де алаңдатып отыр. Бүгінгі таңда көлік прокуратурасымен мән-жайды анықтайтын боламыз. Ал экипаж өздеріне жүктелген міндетті сәтті орындап келеді. Бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігі екенін ұмытпаған дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы