388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жабай өзеніндегі бөгетті ағын су бұзып кетті

  • 581
  • UPD: 17:59, 17.04.2017

Кеше кешкісін Атбасар қаласына қарасты Атбасар ауданының Жабай өзеніндегі бөгетті ағын су бұзып кетті.

Сонымен қатар Атбасар - Сочинское және Көкшетау - Атбасар тасжолының 28 және 72-шақырымын су шайып, салдарынан ары-бері қатынау мұң болды. Тұрғындардың бірі әлеуметтік желіге тосын жағдайға байланысты әуесқой түсірілімін жариялап үлгерді. Максимовка ауылының тұсында орта жолда қалған автобус құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, тасқын салдарынан қауіпті аумақта орналасқан 206 тұрғын үйді су алған. Құтқарушылар 451 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ 654 үй жануары да құтқарылды. Тасыған су №1 орта мектепке жайылған. Қазір оқу ордасының айналасына 15 мың 700 қаптан арнайы бөгет-қоршау жасалды. Су басқан жолға көлік қозғалысының уақытша тоқтатылғанын білдіретін белгілер орнатылып, жергілікті атқарушы органдар мен тәртіп сақшылары кезекшілікке шықты. Шараға 224 құтқарушы мен 40 техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы