387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы Қарасай ауданындағы саяжайларды су алды

  • 1361
  • UPD: 16:53, 28.04.2017

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қырғауылды өзені тасып, осы аттас Қырғауылды елді мекеніндегі саяжай учаскелерін және «Алматы-Жандосов» тас жолының бір бөлігін су басты.

Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД-да оперативті штаб құрылды. 

Қазір «Алматы-Жандосов» тас жолы уақытша оқшауланып, Қырғауылды өзенін тазалап, суды ағызу жұмыстары жүріп жатыр. Осы ауылдағы көпір де тазаланып, енді онымен өту мүмкін болды.

Су тасыған аймақтан 2 адам эвакуацияланды. Қырғауылдының халқы қауіпсіз жерге көшуден өздері бас тартты.

Ал Сенатта өткен Үкімет сағатында сөз алған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, қазір жағдайды реттеуге бағытталған тиісті шаралар қолға алынған.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда 170 үй су астында қалды. Сергеевка су қоймасы арнасынан асып, Петропавл маңындағы елді мекендерді шайып өткен. Министр жағдай қауіпті деп отыр. 

Қалмұханбет Қасымов ҚР Ішкі істер министрі:

- Қарағанды, Ақмола облысындағы тасқын су қазір Солтүстік Қазақстандағы Сергеевка су қоймасына жиналды. Ондағы су көлемі қалыпты көрсеткіштен 138 пайызға көп. Кешеден бері елді мекендерді шайып өткен су деңгейі жайлап төмендеп жатыр. Енді суды сорып шығарып, жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шараларды қолға аламыз.

Хабар 24 телеарнасы