388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

  • 611
  • UPD: 17:34, 02.05.2017

Астанадағы Сарайшық көшесінің нөмірі 5Г тұрғын үйінен өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Бұл туралы хабарлама Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін 13 сағат 17 минутта келіп түскен. Өрт балконнан тұтанған. Әзірге белгілі болғаны 1-ші және 2-ші қабат аралығындағы 40 шаршы метрге жуық жылытқыш жабынды жанып кеткен. Өрт жарты сағатқа жетпей толығымен сөндірілді. Оған жеке құрамдағы 24 құтқарушы мен 5 техника жұмылдырылды.

Азамат Балтабаев, Жол-патрульдік полиция сержанты:

- Қара түтінді көрдік те, бірден не болып жатқанын көруге келдік. «Абай» мейрамханасының үстіндегі 3-ші және 4-қабаттары жанып жатқанын байқадық. Бірден жолды жаптық. Адамдарды қауіпсіз жерге жібердік. Өрт сөндірушілер жұмысқа кірісті. Өзім 5 адамды үйден шығардым. Оның екеуі зағип жан, үшеуі кішкентай бала.

Хабар 24 телеарнасы