378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулық полицейлер жүк көлігінен 17 қап есірткі тәркіледі

  • 757

Ақтаулық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған «КамАЗ» маркалы жүк көлігін ұстады.

Көлікке тиелген көкөніс қапшықтарының астын тінту кезінде 14 қап марихуана мен 3 қап гашиш табылған. Оларды сатуға алып келген үш күдіктінің де Жамбыл облысына қарасты Мерке ауданының тұрғындары екені анықталды. Ұсталған азаматтар заңға қайшы әрекетін мойындап отыр. Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде жалпы салмағы 400 келідей марихуана мен 7 келіге жуық гашиш тәркіленді. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алтынбек Қалиев, өңірлік ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы:

– Әр қаптың ішінен алты орамға оралған есірткі заттары табылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, «есірткі затын аса ірі көлемде тасымалдау және сату үшін сақтау» бабымен іс қозғалды. Қылмыскерлер 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы