384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда М.Әблязов ісі әлі жалғасып жатыр

  • 558
  • UPD: 20:58, 11.05.2017

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотында Мұхтар Әблязовтің ісі жалғасып жатыр.

Бүгін БТА банкінің тарапынан экс-банкирдің рұқсатымен берілген заңсыз несиелер тізімі туралы айтылды. Сондай-ақ осы қаржы операцияларына қатысы бар деген айып тағылған адамдардың ісі қаралды. Алайда кезекті сот отырысы Әблязовтің қатысуынсыз өтіп жатыр. Ал айыптылар орындығында аталған банктың бұрынғы менеджерлері Жақсылық Жәрімбетов, Қайрат Садықов және Сәдуақас Мамеш бар. Үшеуіне де қомақты қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов ісіне қатысты сот отырысы 18 наурызда басталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы