384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіл өзенінде үш адам суға кетті

  • 461
  • UPD: 15:40, 22.05.2017

Елімізде  жыл басынан бері 40 адам суға кетті. Жазымға ұшырағандардың 20-сы – бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде 50 мыңнан астам көл бар. Ал олардың көпшілігінде құтқару бекеті жоқ. Тек 120 көл маңында ғана арнайы бекет бар. Сондықтан Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі тұрғындарға суға шомылу маусымы басталмағанын ескертіп, барынша сақ болуға шақырды.

Себебі күні кеше ғана Астанадағы Есіл өзенінде екі адам суға кетті.  Оларды құтқармақ болған екі куәгердің біреуін дер кезінде келген құтқару тобы ажалдан арашалап қалған. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. 

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

-Өкінішке қарай, суға шомылу маусымы басталмаса да, оқыс оқиғалар жиілеп кетті. Ата-аналарға балаларын суға бақылаусыз жібермеуге кеңес береміз. Сондай-ақ үлкендер де қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы