384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаз басталмай жатып, Қызылорда өңірінде 6 адам суға кетті

  • 818
  • UPD: 15:36, 29.05.2017

Суға түсу маусымы басталмай жатып, Қызылорда өңірінде 6 адам суға кетті.

Оның үшеуі Арал ауданының балықшылары болса, қалғандары – бала. Құтқарушылар 25 мамыр күні облыс орталығына жақын жердегі Пищевик саяжайы маңынан 9 жастағы балғынның денесін тапты. Ал қазір сүңгуірлер Қызылорда қаласындағы №136-мектептің оқушысын іздестіріп жатыр. Аталған білім беру мекемесінің бір топ 8-сынып оқушылары 24 мамыр күні Сырдарияға суға түсуге келеді. Рұқсат етілмеген аумаққа шомылған балалардың бірі тұншығып, бата бастаған. Сыныптастары көмек беруге ұмтылғанымен, әрекеттерінен ештеңе шықпайды. Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы 3 күннен бері осы аумақты сүзіп, іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Бақыт Ембергенов, ҚР ТЖМ «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ басшысы:

- Ата-аналардан сұрайтынымыз жазғы маусым, жазғы демалыстар басталды. Балаларды өзен-көлдің жағасына қараусыз жібермеулерңізді өтінеміз. Су – ол да тілсіз жау. Қызылорда жанынан өтіп жатқан Сырдария өзені өте қауіпті.

Хабар 24 телеарнасы