384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Әблязовтың қылмыстық ісін тергеу 8 жылға созылды

  • 547
  • UPD: 23:02, 07.06.2017

Бірнеше жыл жыр болған Әблязовтың ісі аяқталды. Алматы мамандандырылған ауданаралық соты БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Ал биыл 3 сәуірде басталған  сот отырысына бүгін нүкте қойылды. 

Мартпек Кәкімжанов, Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

-Сот Мұхтар Әблязовты айыпты деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235 бабы, 4 тармағы, 176 баптың 3 тармағы, 193 баптың 3 тармағы, 220, 228 және 58 баптың 3 тармағы бойынша жаза кесілді. Айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Барлық мүлкі тәркіленсін.

Әблязовтың сыбайластары Садуақас Мамеш пен Жақсылық Жарымбетов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал төртінші айыпталушы Қайрат Садықов 15 жылға сотталды. Оның да мүлкі тәркіленіп, 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сотталған азаматтардың барлығы үш жылға банк саласынан аластатылды.

Айта кетейік, үш айға созылған сот отырысы  Мұхтар Әблязовтың қатысуынсыз өтті. Ал айыпталушы Қайрат Садықовтың жақындары мен қорғаушысы сот шешімімен келіспейтіндерін, қайта шағымданатындарын айтты.

Құрышбек Тәңірбергенов, Қ.Садықоатың қорғаушысы:

-берілген кредиттердің барлығы тек қана Жәрімбетовтың нұсқауы бойынша, ұсынысы бойынша берілген. Садықов Қ.А. нақты берілген кредиттерге болмаса, ол жердегі компанияларға ешқандай қатысы жоқтығына толық дәлелдемелер әкелген.

Сот қайтарылатын шығын көлемін айтты. Төрт айыпталушыдан 151,5 млрд және материалдық шығын үшін 2 триллион 992 млрд теңге қайтарылсын деп бұйырды. Сонымен қатар Үкіметке 89,7 млрд теңге өндірілетін болды. 

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы