388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда білім беру бөлімінің басшысы ұсталды

  • 987
  • UPD: 19:08, 11.07.2017

Екібастұз қаласының  білім беру бөлімінің жетекшісі қамауға алынды.

Халық ағарту саласының басшысы қызмет бабын асыра пайдаланып, мектеп директорларын 100 мың теңгеден тапсыруға мәжбүрлеген. Ақша ҰБТ комиссиясына деген желеумен 45 мектептен жиналған. Қазір облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы заңсыз ақша жинау дерегі бойынша тергеу амалдарын бастады. Заңсыз әрекет әшкере болған соң бірқатар мектеп директоры мен аталған бөлімнің қызметкерлері айыбын толық мойындаған. Тіпті олардың кейбірі тергеу жұмыстарына қолдау көрсетіп жатыр.

Руслан Куватов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті тергеу басқармасының басшысы:

- Қылмыстық жүйе әшкереленіп отыр. Білім беру бөлімі жетекшісінің әрекеті алаяқтыққа жатқызылды. Өйткені қаржы жиналып жатқан сәтте комиссияның құрамы жасақталмаған, тіпті облыс аумағында болмаған. Сот шешімімен күдікті қазір тергеу абақтысына жабылды.

Хабар 24 телеарнасы