389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде дүлей дауыл бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті

  • 1834
  • UPD: 10:46, 18.07.2017

Кешелі бері Өскеменде күн райы күрт бұзылып, дауыл тұрды.

Күшті желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Оған шыдамаған ғимараттардың шатыры ұшып, тамыры бос ағаштар құлап қалды. Бүлінген көліктер де бар. Кеше қаланың бірқатар бөлігі жарықтан ажырап қалды. Куəгерлер арнамызға өздері түсірген бейнежазбаларды жіберген болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары да оқиға орнында түсірілген көптеген сурет, бейне жазбалармен бөлісті. Онда да бүлінген көліктер мен қираған аялдамаларды көруге болады. Облыстық ТЖД мамандары мұндай жағдай Жарма мен Ұлан аудандарында да сезілгенін айтады. Қазір зардап шеккен аудандар жайлы мəліметтер тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы