389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Целиноград ауданы прокуратурасы қызметкерлеріне шабуыл жасалды

  • 943
  • UPD: 22:43, 20.07.2017

Бүгін Целиноград ауданы прокуратурасы қызметкерлеріне шабуыл жасалды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Салдарынан қадағалаушы орган өкілі мен Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің мәйіті өзінің көлігінен табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол салған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қайсар Ноғаев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі:

- Аталған факт ішкі істер бөлімінің бірыңғай сотқа дейінгі реестр тізіміне енгізілді.  Жедел іздестіру әрекеттері барысында сотталушының мәйіті оның автокөлігінде табылды. Істің тергеу барысын Ақмола облысы прокуратурасы жіті бақылауға алды.

Хабар 24 телеарнасы