383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасаған қарулы топ ұсталды

  • 557
  • UPD: 14:16, 24.07.2017
Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасаған қарулы топ ұсталды

Ақтөбеде мұздай қаруланған қарақшылық топ әшекей бұйымдарын сатумен айналысатын 3 саудагерге шабуыл жасаған.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Жәбірленушілердің екеуі Ресей азаматы болып шықты. Бетперде киген күдіктілер тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерге терезе арқылы кіріп, үй тұрғындарын қарумен қорқытып, әшекей бұйымдары мен ақша толы сейфті талап еткен. Жәбірленушілер полицияға жедел хабарласып үлгерген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларына қарақшылар оқ атып, қарсылық көрсеткен. Полицияның жедел іс-әрекетінің нәтижесінде күдіктілер қолға түсті. Жәбірленушілер тарапынан жарақат алғандар жоқ. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де бұрын сотталған Ақтөбе қаласының тұрғындары. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.  

Авторы: Ақсәуле Байменшина

Хабар 24 телеарнасы