385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қорғас» бекетінде заңсыз казино ашқандар ұсталды

  • 677
  • UPD: 22:43, 31.07.2017
«Қорғас» бекетінде заңсыз казино ашқандар ұсталды blogspot.com

«Қорғас» халықаралық бақылау-өткізу бекетінде кезекті заңсыз кәсіп анықталды.

Қытайлық кәсіпкерлер үшін құмар ойын ұйымдастырып, заңсыз казино ашқандар ұсталып, рұқсаты жоқ ойынхана мүліктері тәркіленді. Нақтырақ айтсақ, ойынхана ішінде тоғыз покер ойынына арналған стол, мың дана ойын фишкасы және жүз данадан аса ойын картасы мен отыздан аса компьютерлік техника тәркіленді. Жедел іздестіру барысында көлеңкелі кәсіпорын аумағында 30-дан аса адам болған. Оның жартысы қызметкерлер, қалғаны күн шығыс елінің азаматтары екен. Ұйымдастырушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетсек, олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе аса ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін. Ал шетелдік азаматтар Қытай билігіне тапсырылды. 

Жақсылық Мырзахан, облыстық МКД экономикалық тергеу қызметінің өкілі:

- Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 307 бабы бойынша яғни, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша тек қана ойынхананы ұйымдастырушалар ғана емес, ғимаратты жалға берген азаматтарды да жауапкершілікке тарту қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы