383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 200-ге жуық қой-ешкі өртеніп кетті

  • 1935
  • UPD: 16:57, 01.08.2017
БҚО-да 200-ге жуық қой-ешкі өртеніп кетті Фото: mygrizzly.kz

БҚО-да дала өрті кезінде 200-ге тарта қой-ешкі тірідей жанып кетті.

Оқыс оқиға Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылының жайылымында тіркелген. БҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тілсіз жаудың бетін қайтаруға 40 шақты ауыл тұрғыны мен 8 техника жұмылдырылған. Өрт салдарынан қой бағып жүрген 27 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Денесінің 70 пайызын күйік шалған азамат шұғыл түрде Жалпақтал ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Алапат өрт кешкі 21:00 шамасында сөндірілді. Аптақ ыстықтың салдарынан биыл өңірде дала өрттері жиілеп тұр. Мәселен, соңғы аптада Ақжайық ауданына қарасты бірнеше елді мекен аумағында тілсіз жау бас көтерді. «Мал-жан аман, дегенмен қысқы мал азығына қажетті жем-жөп дайындайтын шабындық алқаптарының жанып кетуі ауыл тұрғындарына оңай тимегені анық», дейді мамандар.

 

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы