387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда Ұлттық ұланның сарбазы қайтыс болды

  • 625
  • UPD: 20:48, 23.08.2017

Бүгін таңертең 5451 әскери бөлімінде әскери техникалардың даярлығы пысықталған.

«Урал» арнайы мамандандырылған көлігін басқаратын Тимур Перметов арнайы орынға тоқтап, тіркемесін ағытпақ болыпты. Осы сәтте еңкіштеу жерде тұрған тіркеме жылжып кетіп, сарбазды қысып қалған. Басынан ауыр жарақат алған Тимурға бірден медициналық жәрдем көрсетіліп, қаладағы №1 ауруханаға жеткізілген. Алайда алған жарақатынан 1995 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген сарбаз тілге келместен көз жұмды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ринат Омаров, 5451 əскери бөлімінің командирі: 

- Сарбаз өз-өзін жақсы ұстайтын. Ісіне жауапты, барлығына сыйлы азамат болатын. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп бітуіне үш ай ғана қалған еді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы