389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда екі автобус соқтығысып, 40-тан астам жолаушы жараланды

  • 583
  • UPD: 14:20, 24.08.2017

Оралда жолаушылар тасымалдайтын қос автобустың соқтығысуы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті.

Оқыс оқиға бүгін таңертең сағат 08:45 шамасында тіркелді. Екі автобус та жолаушыларға лық толы болған. №5 және №7 бағыттарда қатынайтын қос автобус бұл кезде Зачаган шағынауданынан шығып, Шаған өзенінен өтетін көпірге жақындап қалған. Оқиға болған жерге қалалық жедел жәрдем қызметінің бірнеше жасағы келді. Облыстық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Құттымұрат Жақсығалиевтың айтуынша, зардап шеккен жолаушылар қаладағы ауруханаларға орналастырылды. Арасында жағдайы ауыр, орташа ауыр және жеңіл-желпі жарақат алғандары да бар. Қазір құқық қорғау органының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы