389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 2 жасар баланы іздестіріп жатыр

  • 539
  • UPD: 11:40, 25.08.2017
<span class=favorites>Алматыда 2 жасар баланы іздестіріп жатыр</span>

Алматы қаласында 2015 жылғы баланы іздестіріп жатыр.

24 тамыз күні Алматы қаласы ІІД Жедел басқару орталығына «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы үйден кішкентай баланың шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті.

-Жедел іздестіру тобы құрылды. Есімхан Аниздің анасы оның жоғалғанын түскі сағат 11 шамасында аңғарған. Оның айтуынша, үйдегілер ұйықтап жатқанда 2015 жылғы бала үйден шығып, белгісіз жаққа кетіп қалған. Полиция көмегіне жүгінбей тұрып, өздері іздестірген. Қазір жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Баланы таныған немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98  немесе 102

Баланың ерекше белгілері:

Бойы 70-80 см, шашы қара, көзі қара. Ақ свитер мен көк аяқ киімде болған.

- Алатау ауданының ІІБ басшылығының соңғы ақпараты бойынша іздестіру жұмыстары түнімен жалғасты. Оған криминалдық полиция бөлімінің толық құрамы мен жергілікті полиция қызметі де жұмылдырылды. Барлық жыра-сайларды, құдықтарды қарап шықтық. Іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Оған таңертең Ұлттық Гвардияның 50 әскериі мен ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 50 мұғалімін тарттық, – деп толықтырды Салтанат Әзірбек.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы