382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда дәмханасында өрт болды

  • 370
  • UPD: 12:52, 18.09.2017

Бүгін түнде елордадағы дәмханалардың бірі отқа оранды. Дәлірек айтқанда, Бейбітшілік көшесіндегі «Өркен» іскерлік орталығының астыңғы қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында түтін сорғыш өртеніп, кейін от ғимарат жабындысына ауысқан.

Соның салдарынан нысанның бүкіл шатыры қызыл жалынға оранды. Мамандар: «Шамамен 400 шаршы метр аумақ өртенді», деп отыр. Отты ауыздықтауға жеке құрамның 60 адамы және мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы жұмылдырылған. «Зардап шеккендер жоқ. 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді», дейді төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.

Хабар 24 телеарнасы