384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 11 полицей есірткімен ұсталды

  • 693
  • UPD: 09:53, 22.09.2017

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 11 полицей және облыстық қылмыстық атқару жүйесінің бір қызметкері есірткі тарату бойынша күдікті деп танылып, қамауға алынған.

Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Бұл туралы аймақта өткен құқық қорғау органдарының отырысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Хали Маматаев мәлімдеді. Жағдайдың мән-жайы әзірге тергеу амалдарына байланысты толық айтылмай отыр. Оның сөзіне қарағанда, былтыр осы саланың 15 қызметкері есірткі қолданып ұсталған. Олардың 12-сі полицей, үшеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері болған.

Хали Маматаев,ОҚО прокурорының бірінші орынбасары:

- 11 қызметкерді Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ұстаған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, Ішкі істер департаментінің құрамында өзіндік қауіпсіздік басқармасы жұмыс жасайды. Соның жетеуі өздерінің қызметкерлері тарапынан ашылып отырған іс.

Хабар 24 телеарнасы