382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Әбу-Даби Плазадағы» құрылыс алаңында кранның қауғасы сынып кетті

  • 417
  • UPD: 13:38, 26.09.2017

Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кранның қауғасы сынып кетті.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Құрылысы аяқталмаған нысандағы төтенше жағдай бүгін таңғы сағат 05:00-тер шамасында болған. Ресми өкіл Руслан Иманқұловтың айтуынша, құрылысқа жауаптылар оқиға орнына барып, істің мән-жайын анықтап жатыр. 

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК өкілі: 

- Әзірше құтқару бөлімшелері қызметкерлерінің көмегі керек емес, бірақ біздің бөлімшедегілердің барлығы кез келген жағдайға дайын және қажет болса, жұмысқа тартылады. Құрылыс ұйымдары кранның осы бөлігін қайта жөндеумен айналысуы керек.

Хабар 24 телеарнасы