387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте пойыз жүк көлігімен соқтығысып қалды

  • 581
  • UPD: 17:56, 05.10.2017

Соққының қатты болғаны соншалық, электровоз рельстен шығып кеткен, ал қиыршық тас тиеп келе жатқан жүк көлігі темір үйіндісіне айналған.

Салдарынан көлікті тізгіндеген 47 жастағы ер адам кабина ішінде қыстырылып қалды. Оны құтқару үшін арнайы топтың көмегіне жүгінуге тура келген. Қазір зардап шегуші дәрігерлер бақылауында жатыр. Машинске де жедел медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ол ауруханаға барудан бас тартқан. Апат жолаушылар пойызының қозғалысына зиянын тигізбеген. Істің мән-жайын Қаратау аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Арман Әсібеков, облыстық ТЖД бөлім жетекшісі: 

- Қызылсай – Қазығұрт теміржолы бойының 10-шақырымында көлік электровозбен соқтығысып қалған. Нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісіне біздің арнайы топ құтқаруға барды. Ол кісі 103 қызметкерлеріне тапсырылды. Бұл оқиғада басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір Қаратау аудандық ішкі істер қызметкерлері тексеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы