384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртаудағы өндірістік апатқа байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 701
  • UPD: 20:41, 12.10.2017

Бүгін «АрселлорМиттал Теміртау» кәсіпорнында газ жарылды.

Салдарынан 6 адам зардап шекті. Олардың 4-еуі газ цехының жұмысшылары, біреуі кокс цехының, ал соңғысы құтқару қызметінің өкілі. Қазір жарақат алғандарға медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Үшеуі Теміртаудың орталық қалалық ауруханасына, өзгелері Мақажанов атындағы облыстық травматология орталығының күйік бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы