388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы қарулы қақтығыста 12-ші калибрлі мылтық қолданылған

  • 782
  • UPD: 16:42, 08.11.2017

Жамбыл облысындағы Аса аулының тұрғындары арасындағы төбелестің ақыры атысқа ұласты. Қарулы қақтығыстан 7 адам жапа шегіп, бір адам жан тапсырды.

Оқ атқан күдікті іздестіріліп жатыр. Ал жарақат алған 7 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше қас қарая басталған екеуара ерегіс түнгі 02:00-де атыспен аяқталған. Қақтығыста қолданылған қарудың 12-ші калибрлі мылтық екені анықталды.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

– Барлығы 22-42 жас аралығындағы ер адамдар. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бапқа сәйкес, 15-тен 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Хабар 24 телеарнасы