371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда арнайы операция кезінде бірнеше күдікті ұсталды

  • 427
  • UPD: 21:54, 13.11.2017

Кеше түнде Алматыдағы арнайы операция кезінде құрықталған екі азаматтың біреуі бұған дейін үш рет, ал екіншісі бір рет сотталған болып шықты.

Олар қару-жарақ сақтау, алаяқтық және есірткі қылмысы бойынша жауапқа тартылған. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады. Күдіктілердің көлігін тінту кезінде жарық дыбысты автомат пен оған қажетті 30 бос оқ, аңшы пышағы мен оқ өткізбейтін кеудеше тәркіленді.

Арнайы операцияны Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексереміз. Бұл тек Алматы қаласының шеңберінде емес, жалпы ел көлемінде. Осы операцияны жүргізу барысында полиция тарапынан қандай да бір арнайы құралдармен қару қолданылған жоқ.

Осы категория бойынша: « Кеден бекетінен заңсыз тауар тасымалдау тыйылар емес «Алтынкөл» кеден бекетінде кезекті рет заңсыз тауар анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы