387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да террорлық ұйымдар идеологиясын таратушы деген күдікпен 11 адам ұсталды

  • 886
  • UPD: 18:08, 16.11.2017

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операция өткізіп, 11 адамды ұстады.

Олар Whatsapp, Telegram мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде халықаралық террорлық ұйымдардың идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратып келген деген күдік бар. Бұл материалдар әлеуметтік желілерде 400-ден астам қатысушысы бар 24 топта орналастырылған. Қазір осы іске байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы