388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықты қарулы «жиһадқа» шақырғандар шабуыл ұйымдастырмақ болған

  • 583
  • UPD: 20:14, 08.12.2017

Халықты қарулы «жиһадқа» шақырғандар полицейлерге шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындады.

Бұл туралы Алматы қалалық Ішкі істер департаменті мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, Жұмағұлов, Өміров және Әбішев деген үш азамат елімізде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымының атын жамылып, құқық қорғаушылардың отбасыларын телефон арқылы қорқытпақ болыпты. Жоспар бойынша Қырғызстаннан заңсыз қару сатып алып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасауды негізге алған. Олар сондай-ақ WhatsApp желісі арқылы жұртты «жиһад» жасауға шақырғаннан кейін құрықталған болатын. Айта кетейік, ұсталғандардың біреуі осыған дейін адам өлімі үшін істі болғандығы анықталды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі: 

– Жеке кәсіпкерлерден қаржы бопсалау мақсатында Жұмағұловтың бастамасымен ірі қылмыстық топ құрмақ болған. Бұл деректерге тосқауыл қоя біліп, жалпы полиция қызметкерлері қазіргі таңда тергеуді жалғастыру үстінде.

Хабар 24 телеарнасы