387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үш адам газдан уланып қайтыс болды

  • 1429
  • UPD: 18:04, 12.12.2017
Шымкентте үш адам газдан уланып қайтыс болды Pikabu

Шымкентте 24 жастағы бойжеткен және жас ана мен оның кішкентай сәбиі газдан уланып қайтыс болды.

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды. Бойжеткен 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні, ана мен бала 12 желтоқсанда күндіз табылған.

«12 желтоқсанда түнгі сағат 00:54-те 103 желісінің кезекші дәрігерінен Братская көшесіндегі үйлердің бірінен жас әйел адамның мәйіті табылғанын, алдын ала болжам бойынша оның газдан уланғаны туралы хабар келіп түсті», – дейді Шымкенттің газ қызметіндегілер.

Оқиға орнына келген апаттың алдын алу және салдарымен күресу тобы қауіпсіздік техникасының мүлдем сақталмағанын анықтапты.

Хабар 24 телеарнасы