384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте қатты желден 142 үй көгілдір отынсыз қалды

  • 721
  • UPD: 15:32, 25.12.2017

Күн райы оңтүстікте де оңып тұрған жоқ.

Шымкентте түнде ұйтқыған желдің салдарынан газ құбырына ағаш құлап, Әділ Сасбұқаев көшесіндегі 142 үй көгілдір отынсыз қалды. Қазір жауапты сала мамандары апат орнында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дүлей жел Төлеби ауданындағы колледж ғимаратының шатырын да ұшырып әкеткен.

Ерғали Бақаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары: 

Сасбұқаев көшесі 86 үйдің аумағында ағаш құлап, газ құбырын үзіп кеткен. Осының салдарынан түнде 142 абонентте газ құбыры өшірілген. Бұдан бөлек Төлеби ауданында колледждің спорт залында шатыры ұшқан деген хабар түсті. Қазіргі таңда аудан әкімдігімен жұмыстар жүруде.

Хабар 24 телеарнасы