384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

  • 453
  • UPD: 13:37, 08.01.2018

Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырады.

Оқыс оқиға Жезқазған – Петропавл тасжолында, Нежинка селосының маңында болған. «Тахтаброд Петропавл» бағытында қатынайтын қоғамдық көлік кеше таңғы сағат он кезінде «Ваз 21099» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 27 жастағы жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Автобус жолаушылары дін аман. Қатты соққының салдарынан көлік отқа оранып, жанып кетті. Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Нұрбек Баекин, облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы:

– Алдын ала болжам бойынша «Ваз 21099» маркалі көлік жолдың қарсы бөлігіне шығып кетіп, рөлге ие бола алмай, автобуспен соқтығысқан. Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы