369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды автокөлік қағып кетті

  • 329
  • UPD: 19:47, 13.01.2018

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14.00 шамасында болған.

BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға кіріп кетіп, онда тұрған адамдарды қаққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 71 жастағы әйел оқиға болған жерде көз жұмды, ал 69 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Авторы: Айнұр Әбдиева

Хабар 24 телеарнасы