384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аң аулаған адам ұсталды

  • 703
  • UPD: 20:53, 21.01.2018
Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аң аулаған адам ұсталды

Оқиға Жамбыл ауданында тіркелді.

Тәртіп сақшылары рейд кезінде Усердное ауылының маңында жабайы қабанның терісі мен ішкі құрылыстарына тап болады. Көлік іздері полицейлерді 27 шақырымдағы Казанка ауылына алып келеді. Осы елді мекен тұрғынының үйінен жануардың еті мен аңшылық мылтығы табылды. Бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге 4 млн 800 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы