384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында жел күшейіп, мектеп шатырын ұшырды

  • 954
Атырау облысында жел күшейіп, мектеп шатырын ұшырды

Табиғаттың тосын мінезі Атырау облысын да әбігерге салды.

Осыған дейін мал-жанға жайлы боп тұрған күн райы оқыс мінез танытты. Аяқасты жел күшейіп, мектеп шатырын ұшырды. Мақат ауданына қарасты Доссор кентіндегі Сарғұнанов атындағы орта мектеп былтыр ғана пайдалануға берілген. Секундына 18 метр жылдамдықпен соққан жел жаңа ғимараттың төбесін жартылай жалаңаштап, шатырдың 48 шаршы метр аумағын жұлып әкетті. Зардап шегіп, жарақат алған ешкім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы