384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жолаушылар автобусы отқа оранды

  • 450
  • UPD: 17:53, 01.02.2018

Семейде жолаушылар автобусынан өрт шықты.

Оқыс оқиға кеше қас қарайған шақта болған. Отыз жылдан бері қолданыста жүрген МАN автобусының қозғалтқышынан шыққан түтінді дер кезінде байқаған жүргізуші дереу бағытын өзгертіп, бірден автопаркке тартқан. Алайда жолда өрт өрши түскендіктен, жүргізуші мен кондуктор өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 арнайы техника мен өрт сөндіру қызметінің 7 адамнан тұратын жеке құрамы жұмылдырылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы